• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1446

241 рет
көрсетілді

2014 жылғы 31 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру  ұйымдарының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру жүйесін одан әрі оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қайта аталсын. 2. 1-тармаққа сәйкес қайта аталатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және бекітілген штат санының лимиті шегінде жүргізіледі деп белгіленсін. 3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер таратылсын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы №607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесінде: «1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірлері 18, 22, 24, 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «18. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Астана қаласы)»; «22. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Теміртау қаласы)»; «24. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Қостанай қаласы). 25. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Ақтау қаласы).»; реттік нөмірлері 19, 20, 21, 23, 26-жолдар алып тасталсын; 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде 1-бөлімде: мына: « Облыстардың бюджеттері мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде: 46 924 деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Облыстардың бюджеттері мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде: 46 753 »; 2), 10), 12), 13) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: « 2) Ақмола облысының Ішкі істер департаменті 2629 10) Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті 4970 12) Қостанай облысының Ішкі істер департаменті 2755 13) Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті 1874 17) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: 84 694, 5 мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 29-1), 29-2), 29-3), 29-4) жолдармен толықтырылсын: 29-1) ІІМ Оқу орталығы (Астана қаласы) 58 29-2) ІІМ Оқу орталығы (Теміртау қаласы) 40 29-3) ІІМ Оқу орталығы (Қостанай қаласы) 44 29-4) ІІМ Оқу орталығы (Ақтау қаласы) 29 ». 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) қайта аталған мемлекеттік мекемелерді Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді; 2) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 6. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1446 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі 1. «Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Астана қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесіне. 2. «Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Теміртау қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесіне. 3. «Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Қостанай қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесіне. 4. «Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Ақтау қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесіне. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1446 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы таратылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі 1. Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы. 2. Атырау облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы. 3. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы. 4. Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы. 5. Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.